Жаңалықтар
Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс. Осы мақсатта Отбасы күні мерекесіне орай «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында он күндік акция өткізу ұйымдастырылды.
2018 жылдың 5 қазан күні ұстаздар күні мерекесі аталып өтілді. Апталыққа жоспар құрылып,жоспарға сай іс-шаралар атқарылды. Атап өтсек, 1-11 сынып аралығында әр сыныпта «Ұстаз-ұлы есім» тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді.
17-ші қыркүйек күні апталықтың жоспары құрылып, жасақталды. Мектепте тіл апталығына байланысты бұрыш жасақталды. «Ана тілім ардағым» атты 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті. 9 «а» сыныбында «Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыбында тақырыптық жиын өткізілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылы 14 қаңтарда «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №26 бұйрығы шыққан болатын. «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек - "Білім күні" мерекесінде ауданымыздағы барлық мектептерде салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. Жалпы мектеп бойынша 2018-2019 жаңа оқу жылында 977оқушы білім нәрімен сусындамақ. Оның ішінде 156 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап, партаға отырғандар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес 2018 жылдың 18 мамыр күні ...
2018 жылдың 11 сәуір мен 13 сәуір күндері №21 жалпы орта білім беретін мектеп базасында мектеп директоры К.С.Умирзакова, оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Б.Иманалина, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы С.Ғ.Оразбаева, мектеп психологы Ж.Ж.Умирзакова және сынып жетекшілердің қатысуымен мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Яғни, 11 сәуір күні бастауыш сыныптардың ата-аналарына жиналыс өткізілсе, 13 сәуір күні 5-11 сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс жасалды. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: ІІІ-тоқсан қорытындысы, мектеп формасы және төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде түсінік жұмыстары туралы болды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың» орындалуымен таныстырылып және осы бұйрық бойынша мектеп формасының сақталуы және мектеп формасына қарсы еместіктері жөнінде ата-аналардан қол қойдырылып алынды.



















