Жаңалықтар
Атырау облысы Білім беру басқармасы 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №03-15-6/4666-И санды хаты негізінде жасөспірім қыздар жүктілігінің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (мектеп,сағаттар,лекциялар,ата-ана жиналыстар,акциялар,мамандардың консультациялар және т.б) төмендегі кестеге сәйкес өткендігін хабарлайды.
Орталық жұмысы 5-15 жас аралығындағы балалардың шығармашылық қабілеттерін, инклюзивті білім беру мен моторикасын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. "Венера" инклюзивті шығармашылық шеберханасы аутизм, Даун синдромы, сал ауруы секілді дамуында ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істейді, жаңа нысанда ата - аналарға психологиялық көмек көрсету мен қолдау шаралары да қамтылған. -Орталық 25 адамға арналған, мұнда балалармен логопед, арт-терапия, логоритмика мамандары айналысады.
Бүгінге дейін мың жарым қатысушы жүгіруге тіркелді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. Биыл үшінші рет өткелі отырған дәстүрлі марафон кең көлемде болады және үш мыңға жуық қатысушы бақ сынайды деп күтілуде. Бүгінге дейін Қазақстанның ірі қалалары - Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Орал, Ақтөбе, Көкшетаудан желаяқтар бұқаралық жүгіруге қатысуға өтінім берді.
Акцияға қалалық билік бастамашы болып отыр және ол облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған, - деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Атырау қаласының әкімі Әлімұхаммед Құттұмұратұлының тапсырмасымен, кезекті жалпықалалық сенбілік қарсаңында тұрғындарға көшеттерді тегін беру ұйымдастырылады. Аталмыш акцияоблыс орталығын көгалдандыруға бағытталған және дәстүрге айналмақ.
2019 жылғы 1-ақпан, 10-ақпан аралығында «Өзін-өзі тану пәні апталығы» болып өтті. Апталықтың ашылу салтанатын Мұратбаева Мадина мен Дөңбаева Ләззат ұйымдастырды. Оқушыларға Сара Назарбаева жайында мол ақпарат берілді. Апталықтың іс-шаралар жоспары құрылып, сол бойынша жұмыстар атқарылды. Оқушыларды қайырымдылыққа, жақсылыққа жетелейтін бұл пәннің апталығы жақсы деңгейде өтті.
2019 жылғы 18-қаңтарда 8-11 сынып аралығында ұл балалар жиналысы болып өтті. Бұл жиналыстың мақсаты оқушыларға құқық туралы түсінік беру және мектеп тәртібі, мектеп формасы, тазалық жайында түсіндірме жұмыстары. Бұл жиналысқа мектеп инспекторы Оңалбаева Ұлболсын, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шадирова Рауза, мектеп психологы Орынғалиева Мейрамгүл және сынып жетекшілер қатысты. 2019 жылғы 23-қаңтар күні 1-кезекте 8-11 сынып қыз балаларына жиналыс болып өтті. Жиналыста қыз бала тәрбиесі жайында әңгіме қозғалды. Ал 2-кезекте 5-7 сыныптардың ұл балаларына жиналыс болып өтті. Мектептегі тәртіп жағдайы айтылды.
Жылыой ауданы білім бөлімі Жылыой ауданы полиция бөлімінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы №34-30-152-159 санды хатына сәйкес атқарылған жұмыстар. Осы тапсырмаға орай мектепте сынып жетекшілерге, ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүрді. Әр оқушының жол картасы ата-ананың қолымен сызылуы және уақытылы тапсырылуы талап етілді.



















