Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес 2018 жылдың 18 мамыр күні мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелерінің және олардың ата-аналарының, мектеп бітірушілердің бірлесе қатысуымен мектеп бітірушілер мен ата-аналарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, адал білім мен абырой, адамгершілік пен сыйластық, мемлекетке адал қызмет ету, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында 11 «а» сынып жетекшісі А.Теңелбаева «Жемқорлық-ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Ата-аналарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында сауалнама жүргізді.


















