Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс. Осы мақсатта Отбасы күні мерекесіне орай «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында он күндік акция өткізу ұйымдастырылды.
11.10.2018ж күні «Қыз тәрбиесі –ұлт тәрбиесі» тақырыбында он күндіктің өтуіне байланысты, гинеколог, психолог мамандарымен кездесу ұйымдастырылып, түсінік жұмысы жүргізілді.



Аудандық құқық қорғау органдарының қатысуымен (ИДН) отырыс ұйымдастырылды. «Қазақстандағы ислам діні» тақырыбында Теолог мамандармен және ауданымызға белгілі ардагер ұстаздармен кездесу.















