
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылы 14 қаңтарда «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №26 бұйрығы шыққан болатын. «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынған» — деп жазылған.
№ 21 жалпы орта білім беретін мектепте бірыңғай форма қыз балалар ақ бантик, ақ кофта,қою көк жакет , қою көк юбка.Ұл балалар ақ көйлек, қою көк жакет,қою көк шалбар киеді.Балалар осы тәртіпке, бірыңғай киімге үйренген. Қай мезгілде қарасаң да әр сынып оқушыларынан жинақылық, тазалықты байқайсың. Ата-аналар оқу жылының басында алып берген киімдерін балалар орнымен осылайша киеді. Яғни, ақ шағаладай күні бойы аппақ болып жүруі, баланы тазалық пен имандылыққа, жан-жағындағы адамдарға сүйкімді көрінуге тәрбиелейді.Форма бұл бір жағынан оқушының мектеп өміріндегі ең қызықты кезеңі дер едім. Бірыңғай мектеп форма, ақ фартук,ақ бантик бір-бірімен үйлесім тауып тұрады. ҚР Білім және Ғылым министрлігі шығарған мектеп формасының үлгісін қоғамдық кеңестер, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі бірлесе қарап, өз ұсыныстарын айтуға болатындығы көрсетілген. Жиналыс жасалып, мектеп формасы туралы ата-аналарға айтылды. Бәрі бірдей бір ауыздан келісті.
Қорыта келгенде: Бірыңғай мектеп формасына көшу тиімді. Бүгінгідей, сыртқы форманың ішкі нәзік мәселелерге әсері орасан болып отырған жағдайда, әлеуметтік теңсіздік, діни пікір мен азаматтық пікірдің саналуандығы орын алып тұрған уақытта қай істе де біркелкілік пен бірыңғайлылық қажет деп ойлаймыз.












