Жаңалықтар
Жылыой ауданы білім бөлімі Атырау облысы білім беру басқармасының 2019 жылғы 03 қаңтардағы №15-4-10/1 санды хатына сәйкес №21 жалпы орта білім беретін мектепте іс-шара жоспары құрылды. Осыған орай 5,6,7 сыныптарындағы қыз балаларға «Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты қыз бала бойындағы жақсы тәрбиені қалыптастыру.
Жылыой ауданы білім бөлімі Атырау облысы Білім беру басқармасы 2019 жылғы 9 қаңтардағы №15-4-10/63 санды хаты негізінде «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы жоба бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, жұмыстар атқарылуда. Соның бірі 28-қаңтарда өткізілген 8-ші сыныптар арасындағы «Ғаламтордың пайдасы және зияны» тақырыбындағы пікір-сайыс. Оқушылар өз ойларын толық жеткізе білді.
Атырау облысы Білім беру басқармасы 2018 жылғы 14 қаңтардағы №15-4-10/109 санды хаты, Жылыой ауданы білім бөлімінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы №04-04-0908-198 хатына сай «Қазақстан-мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасы іс-шара жоспары жасақталып, сол бойынша жұмыстар атқарылуда. 1,2-сыныптар аралығында «Өзіңе және басқаға көмектес» сынып сағаты, қол өнерден көрме болып өтті.
Жылыой ауданы білім бөлімі Атырау облысы білім беру басқармасының 2019 жылғы 03 қаңтардағы №15-4-10/1 санды хатына сәйкес №21 жалпы орта білім беретін мектепте 25-қаңтар күні «Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында 8,9,10,11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өтті. 8 сыныптар дөңгелек үстелде ұйымдастырылды. арға тәртіп, тәрбие, кеңес беру.
Жылыой ауданы білім бөлімі Атырау облысы Білім беру басқармасының 2019 жылғы 17 қаңтардағы №15-4-10/149 санды хатына сәйкес «Мен OFFLINE (оффлайн)» тақырыбында мектепте жұмыстар атқарылды. 5-8 сыныптар аралығында эссе байқауы өтті. Мақсаты оқушылардың пікірін білу. 9 «а», 9 «б» сыныптардың қатысуымен «Интернетсіз бір күн» тақырыбында дебат өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып қатысты. Бастауыш сынып оқушылары өз ойларын сурет салу арқылы бейнеледі. Осы жұмыстар мектеп фейсбугында және мектеп сайтында жарияланды.
Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру. Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекшелетінін жеткізу. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу және табиғатты сүюуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген бұл шараға шағын орталықпен мектеп алды даярлық топтары және сыныптар қызығушылықпен қатысты. Бұл шара мол көрнекіліктерімен ерекшеленді.
№21 жалпы орта білім беретін мектепте 2018-2019 оқу жылы «КТА-2018» жобасы құрылып, мектебімізде 1-ші кезеңі өтті. Оған 5-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар белсенділік танытты. Бұл жобаның басты мақсаты оқушылардың мектепке деген қызығушылығын арттыру, сахна мәдениетіне төселдіру.



















