2018 жылдың 5 қазан күні ұстаздар күні мерекесі аталып өтілді. Апталыққа жоспар құрылып,жоспарға сай іс-шаралар атқарылды. Атап өтсек, 1-11 сынып аралығында әр сыныпта «Ұстаз-ұлы есім» тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді.
Оқушылар ұстаздарына арнап өлең оқып, ән айтып, би билеп өнерлерімен ұстаздарын тәнті етті. Мектеп дәлізіне 9-11 сынып оқушылары мерекеге орай қабырға газеттерін іліп, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар мектеп дәлізінде ұстаздарға арналған видеоролик, слайдтар көрсетілді. 5 қазан күні ұстаздар мерекесіне орай мерекелік шараға арнап, мұғалімдерге шақыру билеттерін жасап тараттық және осы күні мектеп тәлімгері Тұрсыналиева Мадина «Өзін-өзі басқару» тобының күнін өткізді. Бұл күні мектебіміздің үлгілі жоғары сынып оқушылары сабақтар өткізді. Ұстаздардың орнына 10-11 сынып оқушыларына арнап сабақ өткізу кестесі құрылып, бекітілді. Ұстаздар мерекесіне арналған «Өзін-өзі басқару» тобының сабақ өткізу ережесін, тәртібін мектеп тәлімгері және мектеп президенті, вице-министр, білім министрі, тәртіп министрі болып сайланған оқушылармен бірлесе қадағаладық. Сабақтарды қорыту мақсатында өткізілген жиналыста оқушылар ұстаздық мамандықтың қиын екенін, еңбектерінің ауыр, қызығы мен қиындығы қатар жүретін маман екенін сөз етті.


«Ұстаз-ұлы есім» атты мерекелік шара үш тілде өткізілді. 5-11 сынып оқушылары арасында жанды коридор ұйымдастырылып, мұғалімдердімерекелік шараға құрметпен қарсы алдық.


Бұл күні ардагер ұстаздарымызды да шақырып, жылы лебіздерін тыңдап, оларға сый-сияпаттар тарту етілді. Шарада оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетті. Өз кезегінде мектебіміздің директоры-Умирзакова Кулара Серікқызына сөз беріліп, барлық мұғалімдерді мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар ұсынды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Иманалина Райса Бақтығалиқызы барлық ұстаздар қауымын мерекесімен құттықтап, жүрек жарды тілегін жеткізді. Содан соң кәсіподақ төрайымы Исанкулова Марина Өтешқызы мұғалімдердің еңбектерін бағалай отырып, 30-35 жыл еңбек өтілі бар ұстаздарға алғыс хат, гүл шоқтарын ұсынды.
Мектеп директоры: Умирзакова К.С
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шадирова Р.Е












