Жаңалықтар
Құлсары қаласының 90 жылдығына орай №21жалпы орта білім беретін мектепте 8-11 сыныптар арасында «Кеңдікті көргің келсе Жылыойға кел» тақырыбында тарихи кеш және бастауыш сыныптар арасында «Мұнайлы өлкем - Құлсары» тақырыбында тәрбиелік шара болып өтті.
5 –ші желтоқсан күні Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай плакаттар байқауы болып өтті. 5,6,7,8,9,10,11 сынып оқушылары өздері жасаған плакаттарын қорғап шықты.
Оқушылардың осы тақырып жайындағы білімдері жоғары деңгейде байқалды.
Жоғары сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысына қосқан үлестері үшін рахметіміз шексіз.
Желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Егемен елдің кемеңгер басшысы» тақырыбында метепте тәрбиелік шара болып өтті. Бұл шараға 8,9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Сынып жетекшілерінің көмегімен ұйымдастырылған бұл шара жоғары деңгейде өтті.
Жол тәртібін сақтау мақсатында ұйымдастырылған он күндікте 16 қараша күні Белбаева Ботагөздің жетекшілігімен мектеп алды даярлық тобында «Жол тәртібін сақтайық!» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.
«№21 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің 2017 жылдың 13 қарашасындағы №18-6/1341 хатын және облыстық білім беру басқармасының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 15-4-13/3473 хатын және мектеп директорының №86 бұйрығын басшылыққа ала отырып, 20-30 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы –адам құқығы» атты республикалық онкүндігін өткізудегі іс-шаралар жоспары жасақталып , бекітілді.Мұндағы мақсатымыз балалардың қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттеу. Осы жоспарға сай 29 қараша күні өткізілген «Бала және оның құқығы» тақырыбында 5-ші сыныптардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.



















