17-ші қыркүйек күні апталықтың  жоспары  құрылып, жасақталды.  Мектепте тіл  апталығына  байланысты  бұрыш  жасақталды. «Ана  тілім  ардағым» атты 1-11 сыныптар  арасында  сынып  сағаттары  өтті. 9 «а» сыныбында  «Тілім  менің  тірлігімнің  айғағы» тақырыбында  тақырыптық  жиын  өткізілді.

   

  «Тіл  аса  қадірлеп  ұстайтын  байлығымыз»  7 «а» сынып  «Тілім  менің  қасиетті  айбыным»  10 «а» сынып  оқушыларының  қатысуымен  тәрбиелік  шаралар  өткізілді. Аптаның  әр  күнінде  ленейка  өткізіліп  мақал айту, жұмбақ  шешу,  ырым-тыйым, өлең  оқу  сияқты  іс-шаралар  жүргізілді. Оқушылар  белсене  қатысты.  «Ана  тілім, аруақ  қонған  ар  тілім»  ой  мен  ойын  дөңгелек  үстел  ұйымдастырылды.  «Ана  тілі-ұлттың  жаны, жүрек  үні»  атты  сынып  сағаты  өткізілді.  Аптаның  соңында  «үш  тұғырлы  тіл»    мақсатында  «Биік  сенің мәртебең  ана  тілім» тақырыбында  «Білгірлер»  сайысы  өтті. Оған  8,9,10  сынып  оқушылары  қатысты. Бұл  сайыстың  ерекшелігі  үш  тілде  өтті.

 

Оқушылар  өз  білімдерін  шыңдай  түсті.  Бұл  сайыста  10  сынып  оқушылары  білімдерімен  жоғары  деңгей  көрсетіп,  бірінші  орын  алды. Оқушылар  дипломмен  марапатталды.

  Мектеп  директоры:                              Умирзакова К.С

Тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары:       Шадирова Р.Е