Жаңалықтар

9-мамыр жеңіс күні мерекесіне орай өткізілген «патриоттық әндер» байқауы, жеңістің-74жылдығы салтанатты жиын. Мәңгілік алаңға гүл шоқтарын қою салтанаты.

2018 жылғы 21-желтоқсанда «Менің Қазақстаным» тақырыбында макеттер байқауы болып өтті. Оған 1-11 сынып оқушылары қатысты. Бастауыш сынып  оқушыларының жұмыстары ата-ананың көмегімен жасақталған. Ұқыпты жақсы жұмыс тапсырған сыныптар 1 «а», 1 «ә», 5 «б», 8 «а». Осы сыныптар «Алғыс хатпен» марапатталды.

Жылыой ауданы білім бөлімі Жылыой ауданы полиция бөлімінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы №34-30-152-159 санды хатына сәйкес атқарылған жұмыстар. Осы  тапсырмаға орай мектепте сынып жетекшілерге, ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүрді. Әр оқушының жол картасы ата-ананың қолымен сызылуы және уақытылы  тапсырылуы талап етілді.

Атырау облысы білім беру басқармасының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №15-4-10/15 санды хатына сәйкес «Біз интернационалистпіз» атты патриоттық акцияның іс-шара  жоспары.

Атырау  облысы Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 желтоқсанындағы № 1-15-6/4703-И хатына негізінде  Жылыой  ауданы білім бөліміне 2019 жылғы қаңтар-наурыз айы аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы іске асырылғанын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188 заңы «Азаматтық қорғау талаптары туралы» азаматтық қорғауды ұйымдастыруға және аудан әкімі-төтенше  жағдайлардың алдын-алу және жою комиссия төрағасы А.Бекетпен бекітілген 2019 жылғы 04 сәуірдегі №29-20-6-24/72 хаты негізінде жұмыстар атқарылды. Төтенше  жағдайлардың алдын-алу мақсатында сыныптарда арнайы мамандардың көмегімен түсінік жұмыстары жүрді.

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2019 жылғы 13 наурыздағы  №03-15-6/916-И санды хаты негізінде 4-17сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясын қоса берілген тұжырымдамаға сәйкес өткізуді және ақпараттық компания жұмысына ата-аналарды және оқушыларды белсенді қатыстыру мақсатында №21 мектепте 4-17сәуір аралығында 8-10 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз интернет» бағытында шарасы өтті. 12 сәуір күні мұғалімдер мен оқушылар қатысуымен Мұратбаева М жетекшілігімен 9сыныпта «Интернет және біз» тақырыбында және Жармаганбетова С жетекшілігімен «Қауіпсіз интернет еліне саяхат» сынып сағаты мен дөңгелек үстел және ата-аналарға «Қауіпсіз интернет»  туралы яғни әлеуметтік желілердің,интернеттің келтіретін зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.