2018 жылдың 11 сәуір мен  13 сәуір күндері №21 жалпы орта білім беретін мектеп базасында мектеп директоры К.С.Умирзакова, оқу ісі жөніндегі орынбасары  Р.Б.Иманалина, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы  С.Ғ.Оразбаева, мектеп психологы Ж.Ж.Умирзакова және сынып жетекшілердің қатысуымен  мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Яғни, 11 сәуір  күні бастауыш сыныптардың ата-аналарына жиналыс өткізілсе, 13 сәуір күні 5-11 сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс жасалды. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: ІІІ-тоқсан қорытындысы, мектеп формасы және төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде түсінік жұмыстары туралы  болды.  Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы  14 қаңтардағы     №26 бұйрығымен бекітілген  «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың» орындалуымен  таныстырылып және  осы бұйрық бойынша мектеп формасының сақталуы және мектеп формасына қарсы еместіктері  жөнінде ата-аналардан қол қойдырылып алынды.