Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек - "Білім күні" мерекесінде ауданымыздағы барлық мектептерде салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. Жалпы мектеп бойынша 2018-2019 жаңа оқу жылында 977оқушы білім нәрімен сусындамақ. Оның ішінде 156 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап, партаға отырғандар. 

 

"Сәлем саған, сүйікті алтын ұя мектебім!" тақырыбындағы іс-шара басталарда егемен елдің болашақ ұрпақтары, мектепке енді ғана қадам басқан бірінші сынып оқушылары алғашқы ұстазымен  бірге қошеметпен ортаға шықты.

 

 

 

- Білім күніндегі салтанатты мерекеде Әнұран орындалғаннан соң, мектеп басшысы жиынды ашып берді. Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, мектепте білім алушылар мен мұғалімдер жайында қысқаша баяндады. Білім ордасында 2017-2018 оқу жылында 867  оқушы білім алса, биылғы жаңа оқу жылында 977 шәкірт ұстаздардан сабақ алмақшы. Олардың қатарында мектеп табалдырығын енді аттаған 156 бүлдіршін болса, 15 түлек киелі қара шаңырақ - мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам жасайды. Білім ошағында 55 мұғалім бар. Оның 5-і жоғары санатты. 1994 жылы іргетасы қаланған  мектепжаңа мектеп ғимаратына 2015 жылыауысқан  болатын .Осы жылдан бастап  11  жылдық  мектеп болып, түлектер ұшыра  бастады.  Тарихта талай түлектерді ұшырған білім ордасынан әлі де көптеген үлгілі шәкірттердің шығарына сенім артқан мектеп директоры жаңа ұжымды бірлесе жұмыс жасауға шақырды. 

 

 

    Мектеп  директоры:                            Умирзакова К.С

Тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары:       Шадирова  Р.Е