Жаңалықтар

2018 жылдың 7 сәуір күні  «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  мектепішілік сенбілік өткізілді. Оған ата-аналар мен оқушылар жұмылдырылды.  Ата-аналар балаларымен бірге  тал, жеміс ағаштары, гүлдер әкеліп, мектеп ауласын көгалдандырылды. Сынып жетекшілер мен оқушылар бірлесіп, мектеп ауласын сыпырып, тазалық  жұмыстарын жүргізді.

№21 жалпы орта білім беретін мектепте 2018 жылдың 19 наурыз  күні «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік шара өткізілді. Мақсаты: Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру болды. Шара қазақ халқының салт-дәстүрлері мен рәсімдерінен көрініс көрсету бойынша сайыс ретінде өткізілді.  Әр сыныпты қазақтың ақын-жазушыларының аттарымен ауыл-ауылға бөліп, қазақтың рәсімдері, яғни «Есім қою», «Ерулік беру», «Тұсаукесер», «Сырға салу», «Бесікке салу», «Бастаңғы» көрсетілді.  Қазақтың  салт-дәстүрлерін, яғни рәсімдерін көріністі толықтай аша білген оқушылар дипломмен марапатталды.  Мектебіміздің өнерлі оқушылары да шарада  күй тартып, терме айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. 

1 наурыз-Алғыс айту  күнін мерекелер қарсаңында  мектебімізде бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың еңбегін,  жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету ұстаз маманыдығының қыры мен сырын түсіндіру және ата-ананы сыйлай білуді үйрету мақсатында «Ризашылық-ел бірлігі» тақырыбында ашық шара  өткізілді.  Мерекеге орай  орыс ұлтының өкілі Сафонова Ирина және шешен ұлтының өкілі Изекенова  Има концертке шақыртылды. Олар шара соңында сөз сөйлеп, қазақ халқының көпұлтты, қонақжай екенін айтып, жылы лебіздерін, алғыстарын білдірді.  Оқушылар би билеп, ән айтып,  қонақтарды өз  өнерлерімен  тәнті етті.

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Бүгін 2017 жылдың 21 желтоқсанында Астанада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режімінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Коллегиясының отырысы өтті.

2018 жыл 26 қаңтар  күні  «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары-Р.Б.Иманалина, әлеуметтік педагог-А.А.Байниязова, психолог- Ж.Ж.Умирзакова,  тәлімгер-С.Ғ.Оразбаева, сынып жетекшілердің және  8-11 сынып оқушыларының  қатыстырылуымен Жылыой ауданы мешітінің ұстазы  Д.Сүлейменовпен  кездесу өткізілді.  Күн тәртібінде қаралғандар: «Жат діни ағымдардан сақтанайық!» тақырыбында тәлімгер С.Ғ.Оразбаева баяндама оқыса, «Жат ағымдардан сақтану туралы»  түсінік  жұмыстарын  Д.Сүлейменов  жүргізді.

№21 жалпы орта білім беретін мектепте 2018 жылдың 22-26 қаңтар аралығында Атырау облысының 80 жылдығына байланысты «Ардақты өлкем-Атырауым» атты апталығының іс-шаралар  жоспары құрылып, бекітілді. Осы жоспар барысында 22 қаңтар күні «Ардақты өлкем-Атырау» тақырыбында стенд, баннер,  бұрыштар жасақталып, апталық  бойы  бейнеролик  қосылып тұрды.