Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтарда «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №26 бұйрығы шыққан болатын. «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез келген діни атрибутикаларды киюге тыйым салынған»-деп жазылған.
«№21 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бірыңғай мектеп формасы, яғни қыз балалар ақ бантик тағып, ақ кофта, қара көк юбка және ұл балалар ақ көйлек, қара көк шалбар киеді. Балалар осы тәртіпке, бірыңғай киімге үйренген. Қай мезгілде қарасаң да әр сынып оқушыларынан жинақылық пен тазалықты байқайсың.














