Жаңалықтар

«Қазақстан-мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасы аясында 1,2-сыныптар  аралығында «Өзіңе және басқаға көмектес» сынып сағаты, қол өнерден көрмесі.

«Шексіз шығармашылық» байқауында 4-сынып оқушылары бақ сынады. Оқушылар бойларындағы шығармашылығымен бөлісті. Әр оқушы қолынан келетін өнерін  көрсетіп сайысқа түсті. 4 «а» сыныбы бас жүлдені жеңіп алды.

Атырау  облысы Білім беру басқармасы 2018 жылғы 14 қаңтардағы №15-4-10/109 санды хаты негізінде  Жылыой ауданы білім бөлімінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 04-04-0908-198 хатына сәйкес 2019 жылдың 20 қаңтар күні  №21 жалпы орта  білім  беретін мектепте «Қазақстан-мейірімділік мекені» акциясы ұйымдастырылды. Сонымен бірге «Қазақстан-мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасымен іс-шара жоспары жасақталып, сол бойынша жұмыстар атқарылды

2019 жылғы 1-ақпан, 10-ақпан аралығында «Өзін-өзі тану пәні апталығы» болып  өтті. Апталықтың ашылу салтанатын Мұратбаева Мадина мен Дөңбаева Ләззат  ұйымдастырды. Оқушыларға Сара Назарбаева жайында мол ақпарат  берілді. Апталықтың іс-шаралар жоспары құрылып, сол  бойынша жұмыстар атқарылды. Оқушыларды қайырымдылыққа, жақсылыққа жетелейтін бұл пәннің апталығы жақсы деңгейде өтті.

Жылыой ауданы білім бөлімі Атырау облысы білім беру басқармасының 2019 жылғы 30 қаңтардағы №15-3-11/308 хатына сәйкес білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту мақсатында 2019 жылғы 7,8-ақпанда №21 жалпы орта білім беретін мектепте «Integrity Shop» адалдық дүкені ашылды. Осы  дүкеннің ашылуы туралы оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әр оқушы өзіне керекті құралдарын осы дүкеннен алып, ақшаларын қайырымдылық жәшігіне  салды. 

Атырау облысы Білім беру басқармасы 2018 жылғы 11 желтоқсандағы  №03-15-6/4666-И санды хаты негізінде жасөспірім қыздар жүктілігінің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (мектеп,сағаттар,лекциялар,ата-ана жиналыстар,акциялар,мамандардың консультациялар және т.б) төмендегі кестеге сәйкес өткендігін хабарлайды.