№21 жалпы орта білім беретін мектепте 2018 жылдың 19 наурыз күні «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік шара өткізілді. Мақсаты: Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру болды. Шара қазақ халқының салт-дәстүрлері мен рәсімдерінен көрініс көрсету бойынша сайыс ретінде өткізілді. Әр сыныпты қазақтың ақын-жазушыларының аттарымен ауыл-ауылға бөліп, қазақтың рәсімдері, яғни «Есім қою», «Ерулік беру», «Тұсаукесер», «Сырға салу», «Бесікке салу», «Бастаңғы» көрсетілді. Қазақтың салт-дәстүрлерін, яғни рәсімдерін көріністі толықтай аша білген оқушылар дипломмен марапатталды. Мектебіміздің өнерлі оқушылары да шарада күй тартып, терме айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Барлығы жоғары дәрежеде дайындалып, шараға оқушылар белсене қатысты.


















