1 наурыз-Алғыс айту күнін мерекелер қарсаңында мектебімізде бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың еңбегін, жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету ұстаз маманыдығының қыры мен сырын түсіндіру және ата-ананы сыйлай білуді үйрету мақсатында «Ризашылық-ел бірлігі» тақырыбында ашық шара өткізілді. Мерекеге орай орыс ұлтының өкілі Сафонова Ирина және шешен ұлтының өкілі Изекенова Има концертке шақыртылды. Олар шара соңында сөз сөйлеп, қазақ халқының көпұлтты, қонақжай екенін айтып, жылы лебіздерін, алғыстарын білдірді. Оқушылар би билеп, ән айтып, қонақтарды өз өнерлерімен тәнті етті.
















