№21 жалпы орта білім беретін мектепте 2018 жылдың 22-26 қаңтар аралығында Атырау облысының 80 жылдығына байланысты «Ардақты өлкем-Атырауым» атты апталығының іс-шаралар  жоспары құрылып, бекітілді. Осы жоспар барысында 22 қаңтар күні «Ардақты өлкем-Атырау» тақырыбында стенд, баннер,  бұрыштар жасақталып, апталық  бойы  бейнеролик  қосылып тұрды. 

Сонымен қатар 23-24 қаңтар күндері  әр сыныпта ашық сабақтар, тәрбие сағаты өткізілді. Атап айтсақ, 7 «б» сынып жетекшісі М.Исанкулова «Атырауым-айбыным!»  тақырыбында  тәрбие сағатын өткізді және 7 «а» сынып жетекшісі «Ардақты өлкем-Атырауым!» тақырыбында сынып сағатын,  сонымен қатар 8 «а» және 11 «а» сыныптарының бірігуімен            24 қаңтар күні 11 «а» сынып жетекшісі А.Теңелбаева мен 8 «а» сынып жетекшісі Б.Айдынова «Мұнайлы өлке-Атырау» атты кең ауқымда тәрбиелік  шара өткізді. Оқушылары  белсенділікпен қатысып, би билеп, ән салып, өз өнерлерін көрсетті.

25 қаңтар күні  қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі  Б.Айдынова           8-11 сынып оқушыларының арасында «Жыр арқауы-Атырау» тақырыбында көркем сөз байқауын өткізіп,  І,  ІІ, ІІІ орындарды анықтап, оқушыларды дипломдармен  марапаттады.  Онда І-орынды 9 «а» сынып оқушысы Кеңесова Диана, ІІ-орынды  8 «а» сынып оқушысы  Тажикова Альбина, ІІІ-орынды  8 «б» сынып оқушысы Итолиева Жанат иеленді.

26 қаңтар күні  1-4 сыныптар арасында Атырау  өлкесінің табиғатына байланысты суреттер салу  және буклеттер жасау  байқауы өтті.  Бастауыш сынып оқушылары бірнеше түрлі Атырау облысының ғимараттарының суреттерін салып, қызығушылықпен қатысып, жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.