2018 жыл 26 қаңтар күні «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары-Р.Б.Иманалина, әлеуметтік педагог-А.А.Байниязова, психолог- Ж.Ж.Умирзакова, тәлімгер-С.Ғ.Оразбаева, сынып жетекшілердің және 8-11 сынып оқушыларының қатыстырылуымен Жылыой ауданы мешітінің ұстазы Д.Сүлейменовпен кездесу өткізілді. Күн тәртібінде қаралғандар: «Жат діни ағымдардан сақтанайық!» тақырыбында тәлімгер С.Ғ.Оразбаева баяндама оқыса, «Жат ағымдардан сақтану туралы» түсінік жұмыстарын Д.Сүлейменов жүргізді.
Жылыой ауданы мешітінің ұстазы Д.Сүлейменов барлық қатысушы оқушыларға жат ағымның жетегінде еріп кетпеулерін сөз етті. Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Терроризм-бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өтккір мәселеге айналды. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.














