«№21 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік  мекемесі  Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым  министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің  2017 жылдың 13 қарашасындағы №18-6/1341 хатын және  облыстық білім беру басқармасының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 15-4-13/3473 хатын және мектеп директорының  №86  бұйрығын  басшылыққа ала отырып, 20-30 қараша аралығында  Дүниежүзілік балалар  күніне арналған «Бала құқығы –адам құқығы» атты  республикалық онкүндігін өткізудегі іс-шаралар  жоспары  жасақталып , бекітілді.Мұндағы мақсатымыз балалардың қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттеу. Осы  жоспарға  сай 29 қараша күні  өткізілген «Бала  және  оның  құқығы»  тақырыбында  5-ші сыныптардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.





 

Оқушылар  өз  білімдерін ортаға  салды. Бала  құқығы  туралы  мол  ақпарат  алды. Мектеп оқушыларына балалардың құқықтарын қорғау мақсатында сенім жәшігі тәулік бойы қызмет ететіні жайлы ақпараттар берілді.