Жылыой ауданы білім бөлімі Атырау облысы Білім беру басқармасының 2019 жылғы 17 қаңтардағы №15-4-10/149 санды хатына сәйкес «Мен OFFLINE (оффлайн)» тақырыбында мектепте жұмыстар атқарылды. 5-8 сыныптар аралығында эссе байқауы өтті. Мақсаты оқушылардың пікірін білу. 9 «а», 9 «б» сыныптардың қатысуымен «Интернетсіз бір күн» тақырыбында дебат өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып қатысты. Бастауыш сынып оқушылары өз ойларын сурет салу арқылы бейнеледі. Осы жұмыстар мектеп фейсбугында және мектеп сайтында жарияланды.
















