2019 жылғы 1-ақпан, 10-ақпан аралығында «Өзін-өзі тану пәні апталығы» болып өтті. Апталықтың ашылу салтанатын Мұратбаева Мадина мен Дөңбаева Ләззат ұйымдастырды. Оқушыларға Сара Назарбаева жайында мол ақпарат берілді. Апталықтың іс-шаралар жоспары құрылып, сол бойынша жұмыстар атқарылды. Оқушыларды қайырымдылыққа, жақсылыққа жетелейтін бұл пәннің апталығы жақсы деңгейде өтті.


Орахова Жаңылдың жетекшілігімен 4 «а» сыныбы, Мұратбаева Мадинаның жетекшілігімен 9 «а» сыныбы оқушылары мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне барып өнер көрсетіп, сыйлық табыстады.




Джанбатырова Майя апайдын жетекшілігімен 11 сынып оқушылары жалғыз басты қариялардың үйіне барып қызмет көрсетті.




«Шексіз шығармашылық» байқауында 4-сынып оқушылары бақ сынады. Оқушылар бойларындағы шығармашылығымен бөлісті. Әр оқушы қолынан келетін өнерін көрсетіп сайысқа түсті. 4 «а» сыныбы бас жүлдені жеңіп алды.














