Атырау облысы Білім беру басқармасы 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №03-15-6/4666-И санды хаты негізінде жасөспірім қыздар жүктілігінің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (мектеп,сағаттар,лекциялар,ата-ана жиналыстар,акциялар,мамандардың консультациялар және т.б) төмендегі кестеге сәйкес өткендігін хабарлайды.

 

Р/с

Іс-шаралар атауы

Мерзімі

Жауаптылар

1

«Қыз бала-ұлттың ұяты,халықтың шырайы» тәрбие сағаттары (Эссе)

18.01

Шадирова Р

2

«Қыз қылығымен көрікті» (Баяндама)

30.01

Әлжан С

3

«Қыз тәрбиесі-үлт тәрбиесі» (дөңгелек стол)

11.02

Шадирова Р

4

«Ажарлы сұлу,ғажап тым қыздары қандай қазақтың» қыз сыны

28.02

Алдоңғарова А

5

«Әдептен озбайық» (Тренинг)

05.03

Орынгалиева М

6

«Озар елдің қызы мінезді келеді» (Пікірталас)

29.03

Алдоңғарова А

 

 

№ 21 жалпы орта білім беретін мектепте «Әдептен озбайық» тақырыбында қыз балаларға мектеп инспекторымен жиналыс

 

 

№ 21 жалпы орта білім беретін мектеп

«Қыз бала-ұлттың ұяты,халықтың шырайы» тәрбие сағаттары

 

 

«Озар елдің қызы мінезді келеді» сынып сағаты

 

 

Жылыой ауданы білім бөлімі Атырау облысы білім беру басқармасының 2019 жылғы 30 қаңтардағы №15-3-11/308 хатына сәйкес білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту мақсатында 2019 жылғы 7,8-ақпанда №21 жалпы орта білім беретін мектепте «Integrity Shop» адалдық дүкені ашылды. Осы дүкеннің ашылуы туралы оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әр оқушы өзіне керекті құралдарын осы дүкеннен алып, ақшаларын қайырымдылық жәшігіне салды.

 

 

2019 жылғы 1-ақпан, 10-ақпан аралығында «Өзін-өзі тану пәні апталығы» болып өтті. Апталықтың ашылу салтанатын Мұратбаева Мадина мен Дөңбаева Ләззат ұйымдастырды. Оқушыларға Сара Назарбаева жайында мол ақпарат берілді. Апталықтың іс-шаралар жоспары құрылып, сол бойынша жұмыстар атқарылды. Оқушыларды қайырымдылыққа, жақсылыққа жетелейтін бұл пәннің апталығы жақсы деңгейде өтті.

 

 

Атырау облысы Білім беру басқармасы 2018 жылғы 14 қаңтардағы №15-4-10/109 санды хаты негізінде Жылыой ауданы білім бөлімінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 04-04-0908-198 хатына сәйкес 2019 жылдың 20 қаңтар күні №21 жалпы орта білім беретін мектепте «Қазақстан-мейірімділік мекені» акциясы ұйымдастырылды. Сонымен бірге «Қазақстан-мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасымен іс-шара жоспары жасақталып, сол бойынша жұмыстар атқарылды

 

Орахова Жаңылдың жетекшілігімен 4 «а» сыныбы, Мұратбаева Мадинаның жетекшілігімен 9 «а» сыныбы оқушылары мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне барып өнер көрсетіп, сыйлық табыстады.

 

 

Джанбатырова Майя апайдын жетекшілігімен 11 сынып оқушылары жалғыз басты қариялардың үйіне барып қызмет көрсетті.

 

 

«Шексіз шығармашылық» байқауында 4-сынып оқушылары бақ сынады. Оқушылар бойларындағы шығармашылығымен бөлісті. Әр оқушы қолынан келетін өнерін көрсетіп сайысқа түсті. 4 «а» сыныбы бас жүлдені жеңіп алды

 

 

«Қазақстан-мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасы аясында1,2-сыныптар аралығында «Өзіңе және басқаға көмектес» сынып сағаты, қол өнерден көрмесі

 

 

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 13 наурыздағы №03-15-6/916-И санды хаты негізінде 4-17сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясын қоса берілген тұжырымдамаға сәйкес өткізуді және ақпараттық компания жұмысына ата-аналарды және оқушыларды белсенді қатыстыру мақсатында №21 мектепте 4-17сәуір аралығында 8-10 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз интернет» бағытында шарасы өтті. 12 сәуір күні мұғалімдер мен оқушылар қатысуымен Мұратбаева М жетекшілігімен 9сыныпта «Интернет және біз» тақырыбында және Жармаганбетова С жетекшілігімен «Қауіпсіз интернет еліне саяхат» сынып сағаты мен дөңгелек үстел және ата-аналарға «Қауіпсіз интернет» туралы яғни әлеуметтік желілердің,интернеттің келтіретін зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

 

Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188 заңы «Азаматтық қорғау талаптары туралы» азаматтық қорғауды ұйымдастыруға және аудан әкімі-төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою комиссия төрағасы А.Бекетпен бекітілген 2019 жылғы 04 сәуірдегі №29-20-6-24/72 хаты негізінде жұмыстар атқарылды. Төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында сыныптарда арнайы мамандардың көмегімен түсінік жұмыстары жүрді.

 

 

Атырау облысы Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 желтоқсанындағы № 1-15-6/4703-И хатына негізінде Жылыой ауданы білім бөліміне 2019 жылғы қаңтар-наурыз айы аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы іске асырылғанын хабарлайды.

 

18 қаңтар күні №21 жалпы орта білім беретін мектепте «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпы ұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында «Ұшқыр ой алаңы » сайысы болып өтті. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, өз пікірлерін толық жеткізе білді.

 

 

Атырау облысы білім беру басқармасының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №15-4-10/15 санды хатына сәйкес «Біз интернационалистпіз» атты патриоттық акцияның іс-шара жоспары.

1. «Біз көрген соғыс» ауған соғыс ардагерлерімен кездесу

2. «Ауған соғысындағы Атыраулық жауынгерлер шежіресі» кітабымен танысу.

3. «Ауған оқиғасы» тарихи кеш

 

 

Жылыой ауданы білім бөлімі Жылыой ауданы полиция бөлімінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы №34-30-152-159 санды хатына сәйкес атқарылған жұмыстар. Осы тапсырмаға орай мектепте сынып жетекшілерге, ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүрді. Әр оқушының жол картасы ата-ананың қолымен сызылуы және уақытылы тапсырылуы талап етілді.

 

 

2018 жылғы 21-желтоқсанда «Менің Қазақстаным» тақырыбында макеттер байқауы болып өтті. Оған 1-11 сынып оқушылары қатысты. Бастауыш сынып оқушыларының жұмыстары ата-ананың көмегімен жасақталған. Ұқыпты жақсы жұмыс тапсырған сыныптар 1 «а», 1 «ә», 5 «б», 8 «а». Осы сыныптар «Алғыс хатпен» марапатталды.

 

 

9-мамыр жеңіс күні мерекесіне орай өткізілген «патриоттық әндер» байқауы, жеңістің-74жылдығы салтанатты жиын. Мәңгілік алаңға гүл шоқтарын қою салтанаты.

 

 

2018-2019 оқу жылында 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мектеп формасының сақталуы туралы және 2019 жылғы жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі, мектеп бітіру кешіндегі қауіпсіздік жөнінде ата-аналар жиналысы.