Атырау  облысы Білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 желтоқсанындағы № 1-15-6/4703-И хатына негізінде  Жылыой  ауданы білім бөліміне 2019 жылғы қаңтар-наурыз айы аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы іске асырылғанын хабарлайды.

  
18 қаңтар күні №21 жалпы орта білім  беретін мектепте «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпы ұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында «Ұшқыр ой алаңы» сайысы болып өтті. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, өз пікірлерін толық жеткізе  білді.