Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 13 наурыздағы №03-15-6/916-И санды хаты негізінде 4-17сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясын қоса берілген тұжырымдамаға сәйкес өткізуді және ақпараттық компания жұмысына ата-аналарды және оқушыларды белсенді қатыстыру мақсатында №21 мектепте 4-17сәуір аралығында 8-10 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз интернет» бағытында шарасы өтті. 12 сәуір күні мұғалімдер мен оқушылар қатысуымен Мұратбаева М жетекшілігімен 9сыныпта «Интернет және біз» тақырыбында және Жармаганбетова С жетекшілігімен «Қауіпсіз интернет еліне саяхат» сынып сағаты мен дөңгелек үстел және ата-аналарға «Қауіпсіз интернет» туралы яғни әлеуметтік желілердің,интернеттің келтіретін зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/zhanaly-tar/190-auipsiz-internet.html#sigFreeIde14ed382b9












