Мектепішілік «Мейірім» қыздар клубының мақсаты біздің дана халқымыз, ежелден жас ұрпақты дүниежүзілік мәдениетті танитын төл мәдениетті сыйлайтын, өз ұлтының тәлім –тәрбиесін үлгі тұтып ұстанатын, рухани дүниесі бай,интелектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті етіп тәрбиелеу. Сонымен қатар қыз баласын құрметтеп, мәпелеп, қыз тәрбиесіне ерекше мән берген халық. «Қызға қырық үйден тыю» деп қыз баланы инабатты, ибалы, мәдениетті бір сөзбен айтқанда тәрбиелі етіп өсіруді мақсат еткен. Дегенмен де қазіргі кезде қазақ қыздарының ұлтымызға жат қылыққа әуестенуі көптеп кездесуде... Осындай жағдайлардың алдын алуға өз үлесімізді қосу мақсатында Халықаралық қыздар күні қарсаңында «Озар елдің қызы мінезді келер» тақырыбында 8 сынып жетекшілері Г.Айткалиева мен К.Мухамбеджанова жоғары сынып қыз балаларымен сұхбаттасу сағатын өткізді. Мақсаты: Адам бойындағы жақсы мінез бен жаман мінезді ажыратуға, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу. Мінез-құлық, сыйластық туралы ақпарат бере отырып өз ойын ашық айтуға дағдыландыру.