«№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-сінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ж.Қосжанова мен ата-аналар комитетінің төрайымы Г.Ботаеваның демеушілігімен мектебіміздің мүмкіндігі шектеулі оқушыларымызға материалдық көмек көрсеткендігі туралы
Хабарлама
Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей ерекші білімді қажет ететін балаларға жасалған жақсылықтың сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қайырымдылықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Қайырымдылық ізгілік нұр» ұранымен мектебіміздің ерекше білімді қажет ететін оқушыларымызға қуаныш сыйлау мақсатында 6 «б» инклюзив сыныбының оқушысы Сабаз Азамат пен 3 «д» сынып оқушысы үйден оқитын Мұратұлы Жұмаханға демеушілерімізден қыстық куртка мен спорттық киім және тәттілер табысталды.Демеушілеріміз ата-аналар комитетінің төрайымы Г.Ботаева мен қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ж.Қосжанованың қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады. Мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткен демеушілерге мектеп ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, алдағы уақытта мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз.
Атқарылған жұмыстар жөніндегі ақпарат мектептің FACEBOК парақшасында жарияланды.
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/zhanaly-tar/315-am-orshyly-ke-esini-m-shesi-zh-oszhanova-men-ata-analar-komitetini-t-rajymy-g-botaevany-demeushiligimen-mektebimizdi-m-mkindigi-shekteuli-o-ushylarymyz-a-materialdy-k-mek-k-rsetkendigi-turaly-khabarlama.html#sigFreeId9f254a64a6
Тәрбие ісі орынбасары: Оразбаева С.Ғ.
Әлеуметтік педагог: Болатова Т.Б.
Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей ерекші білімді қажет ететін балаларға жасалған жақсылықтың сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қайырымдылықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты ұранмен Кеңдала ауылындағы «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №42 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2017-2018 оқу жылының 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында мектеп бойынша «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы жоспар жасалынды. Осы уақыт аралығында аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мектебіміздегі ата-аналар тарапынан демеушілер іздестіріліп, материалдық көмек көрсету жағы қолға алынды.
Аталмыш акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмай қалған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.
Аталған шара аясында біздің білім ордасында тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында мұғалімдер мен ата-аналарға арналған ақпарат бұрышы дайындалды. Нәтижесі де көп ұзамай көрінді. Мектебіміздің ата-анасы болып табылатын Тинаева Жамал 4ә сынып оқушысы Нұрмұхан Айдос пен 1 в сынып оқушысы Нұрмұхан Ақботаға қыстық киімдермен қатар, үйіне азық-түлік те алып берді. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың қуанышын көру-қандай бақыт. Тинаева Жамал Айдос пен Ақботаға көмек жасай отырып, осындай қуанышты көру бақытына ие болды.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады. Олай болса, мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткен демеушілерге мектеп ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз...












