ЖЫЛЫОЙ АЛҒА!
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы №21 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекелеріне орай 8-10 сынып арасында мектепішілік дебат турнирі ұйымдастырылды. Дебат ойының тақырыбы: «Бұл палата қазіргі заманғы бағалау жүйесі БЖБ және ТЖБ ны қолдайды» деген тақырыпта болды. Оқушылар өздерін пікірлерін ашық, жүйелі жеткізе білді.Мектепішілік турнир нәтижесінде І-ші орынды «Шешен сөз» фракциясы, ІІ-ші орынды «Жалын» фракциясы, ІІІ -ші орынды «Экспресс» фракциясы иеленді. «Үздік спикер» атағын 8 сынып оқушысы Машекен Әсел иеленді. Аудандық дебат турниріне жолдамалары табысталды.Республикалық турнирдің ұйымдастырушылары: ҚР ның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаев қоры мен ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/zhanaly-tar/290-t-ysh-prezidenti-k-ni-zh-ne-aza-stan-respublikasy-t-uelsizdigini-30-zhyldy-y-merekelerine-oraj-8-10-synyp-arasynda-mektepishilik-debat-turnir.html#sigFreeId28cdfeef68












