Мәселен, 2024 жылы металлургия өндірісі саласында «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауыты іске қосылды. Кәсіпорын сұр шойыннан цилиндр блоктары мен бастиектерін құюға бағытталған. Өндіріс барлық заманауи талаптарға сәйкес келеді, жоғары деңгейде автоматтандырылған және энергия тиімділігі жоғары.
Жобаның құны – 78,2 млрд теңге, жылдық өндірістік қуаты – 45 мың тонна құйма, 500 жаңа жұмыс орны ашылды.
Бұдан бөлек, «KamLitKZ» ЖШС металлургия кластерін дамыту аясында биыл тағы 2 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Олар – жетекші көпірлердің басты берілістерін өндіру және жүк көліктеріне арналған жетекші көпір балкасын тереңдетілген локализациямен шығару. Жобалардың өндірістік қуаты – жылына 74 мың редуктор және 90 мың көпір балкасы, жалпы инвестиция көлемі – 160,5 млрд теңге, 650 жұмыс орны құрылады.
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/birt-tas-t-rbie/749-shojyn-yu-zauyty-iske-osyldy.html#sigFreeId6972256c41












