Наурызнама
Наурызнама онкүндігінің жоспарына сәйкес 17 наурыз күні “Шаңырақ” күні тақырыбының аясында анаға деген құрмет көрсету, махаббат пен сүйіспеншілік таныту мақсатында 4 “А” сыныбы оқушылары мен сынып жетекшісі Майгүл Нұрланқызы “Аналармен әр күніміз - мереке” тақырыбында ашық шара өткізді. Оқушылар аналарға арнап ән шырқап, би билеп көрініс қойылды. Оқушылардың оқыған поэзиялары әсерлі болып аналар көз жастарына ерік берді. Ана деген ұлы есім екені оқушылардың санасына сіңіріліп, жанашырлық, мейірімділік сезімдері бойларына дарыды.












