Ұстаздар!
Бүгінгі ұлық мерекеміз - Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Тамыры терең мемлекетіміздің мызғымас бірлігінің, елдігінің бет - бейнесіндей болған Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
1986 жылғы 16 желтоқсандағы қайтпас қайсар жүректі жастарымыздың алғашқы қадамынан, ата - бабамыздың сан ғасырлар бойғы аңсар арманынан бастау алған Тәуелсіздігіміздің іргесі мықты болғай!
Сол мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қамтамасыз ететін, көзінің қарашығындай қорғайтын өр ұланды білім мен тәрбиемен қатар ұштастыра тәрбиелейтін, ұшам деген жанға қанат беретін, жанам деген жүрекке от беретін ұстаздар қауымы екенін тағы да баса айтып өткім келеді. Біздің де Тәуелсіздікке қосқан өз үлесіміз бар.
Біз, ұстаздар, мықты болсақ, біз тәрбиелеген ұрпақ та мықты, ұлтжанды, қуатты, тегеурінді болмақ. Сол мемлекетті құратын ұрпақ мықты болса, мемлекетіміз қуатты мемлекетке айналары хақ. Біз сол жолда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, аянбай еңбек етуіміз керек.
Тәуелсіздікке өз бағалы, сүбелі үлесін қоса білген, әлі де сол жолда аянбай еңбек ететін, еңбек ете беретін ұстаздар қауымын осынау қасиетті мерекемен құттықтай отырып, ұстаздық еңбек жолдарында шығармашылық табыс, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеймін.
Тәу етер мерекеміз - Тәуелсіздігіміз құтты болсын!
Көгімізде көк туымыз мәңгілік желбірей берсін!
Мектеп әкімшілігі!!!