N21 жалпы орта білім беретін мектепте Дүниежүзілік сайлау күніне арналған Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының бекітілген жоспары негізінде 7 “Ә” сынып жетекшісі Сағындыққызы Жазираның ұйымдастыруымен “Мен Президент болғым келеді” тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасын үлгі алуға тәрбиелеу.












