Жылыой ауданы прокуратурасының 28.11.2024 жылғы №2-05-24-02176 хатына орай №21 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында "Закладка" (режиссері Ринат Балғабаев) деп аталатын бейнеролигі көрсетілді. Жас ұрпақтың есірткі қармағына ілігуін болдырмау мақсатында бұл бейнеролик оқушыларға көрсетілді. 7-11 сыныптар бойынша 190 оқушы қамтылды.