2025 жылғы 5 сәуір күні математикадан 10-11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» олимпиадасының республикалық кезеңі өткізілді.
Аталған олимпиадаға мектебіміздің 11 “А” сынып оқушысы Мейрамғали Аяулым қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, 11 “А” сынып оқушылары Қадыр Есенкелді және Абат Сағыныш “Алғыс хатпен” марапатталды.
Пән мұғалімі: Орынбасар Эльмира Құлақбайқызы
Жеңімпазымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!