АҚБЕРЕН БАЙҚАУЫ-2024 Мектебімізде 8-11 сыныптың шығармашыл оқушылары арасында “Ақберен” республикалық өнер байқауының мектепішілік кезеңі өтті. 8-11 сынып оқушылары 4 бағыт бойынша сынға түсіп * “Шешендік өнер” бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Басшықызы Дария; * “Көркем сөз оқу” бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Амантай Арайлым; * “Ұлттық аспапта өнер көрсету” бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Сағындық Санжар; * “Эссе жазу” бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Абзалқызы Кәусар жүлделі І орынды иеленіп аудандық кезеңге жолдама алды. Оқушыларымызға аудандық кезеңнен жүлделі орын алуларына тілектеспіз!