5-маусым күні №21 жалпы орта білім беретін мектепте «Балдәурен» жазғы балалар лагері жұмысын бастады. Лагерь тәрбиешілері таңертең сағат 08:15-тен бастап лагерь демалушыларын қабылдап, дене шынықтыру жаттығулары орындалды. Биылғы жазда лагерьде 50 оқушы демалуда. Күн тәртібі бойынша таңғы ас ішкеннен кейін лагерьдің ашылу салтанаты басталды. Ашылу салтанатында тәрбиешілер демалушыларға жақсы көңіл - күй сыйлап, салтанатты шараны әсем әнмен, қызықты ойындармен көркемдей түсті. Лагерьдің ашылуында мектеп директоры Л.А.Бексултанова оқушыларға қызықты демалыс пен сәттілік тіледі. Ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін «Көңілді эстафета» спорттық ойыны өткізілді. Ойын басталмас бұрын тәрбиешілер лагерьде өзіндік қауіпсіздікті сақтау, тазалықты сақтау туралы ережелермен таныстырды. Лагерь демалушылары топтық ойындар арқылы бір - бірімен тез тіл табысып, достық пен ынтымақтастық атмосферасы орнады. Оқушылар түскі ас ішкеннен кейін гигиеналық тазалық жұмыстарын жасап, түскі демалысқа тынықты.
Алғашқы күннің екінші жартысы оқушылардың шығармашылығына арналды. Әрбір топ өздері таңдап алған тақырып бойынша түрлі түсті бояулармен сурет салды. Достық, Болашақ, Бүркіт деп топтарға бөлінген оқушылар ,,Біз арманшыл баламыз,, деген айдармен әдемі, қызықты, мазмұнды суреттер салды. Топ басшылары салған суреттерін мазмұндап әңгімеледі. Осылайша ,,Балдәурен,, жазғы лагерінің алғашқы күні қызыққа толы болды.
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/zhanaly-tar/329-lsary-alasy-21-zhalpy-orta-bilim-beretin-mektep-baldauren-lagerdi-ashyluy.html#sigFreeId869b6f2945












