Жоспар барысында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен "Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар" тақырыбында аудандық Аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы Мустахима Малашқызымен кездесу өткізілді.

Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар-намысын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу, зиянды әркеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.Кездесуге 8-11 сынып қыз балалары қатыстырылып, Мустахима Малашқызы қыз балаларға сұрақ қойып, пікірлерін тыңдап, оларға өзінің тәрбиелік мәні бар әңгімелерін, ақыл-кеңесін айтты. Іс-шара соңында мектеп психологы Ж.Ж.Умирзакова қыз балаларға гигиеналық жағынан жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндірді. Сонымен қатар қыз балаларға қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығын сезіндіру үшін және қыз баласына тән белгілі бір ұнату сезімін бастан кешіру кезінде түсініспеушілік болса, оған қыздардың мұңайып, өздеріне жамандық жасамауы үшін алдын алуға міндеттейтіндігін айтты. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды таза, әсем, жарасымды киім киіп, өздерін күтуге, шаш өруге, шаштарын соңғы сән үлгісімен өздеріне жарасатындай қиюға кеңес берді. Сонымен бірге өз құқықтырын біліп, өздерін қорғауға және мектеп оқушыларының, яғни өз міндеттерін дұрыс орындауға тәрбиелеу бойынша тың ақпараттар берді.