АЯУЛЫ ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!!!

Ұстаздар қауымының кәсіби мерекесіне орай оқу ордамызда кәсіподақ ұйымы және мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен мектепішілік шара өткізілді. Шараны мектеп диекторының міндетін атқарушы Иманалина Райса Бақтығалиқызы құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды атап өтті. Мерекелік шара өз жалғасын мектептің өнерпаз жастарының ұстаздарына тарту ретінде әзірлеген концерттік бағдарламамен ұласты.