"#21 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тіл мерекесіне орай ағылшын тілі пәні мұғалімі Нурбердиева Назгул "Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен шара өткізді. Мақсаты: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, үш тілдік саясатты дамыту.
Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік!