Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» - деген болатын. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Осы орайда №21 жалпы орта білім беретін мектепте 2021 жылдың 6-17 қыркүйек аралығында тіл апталығының жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес оқушылардың білімдерін пысықтау, шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайту, ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру , шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Түйешиева Ажар "Тіл-ұлттың айнасы" тақырыбында 7 "а" сыныбы оқушылары арасында сайыс өткізді.