Жылыой ауданы білім бөлімінің 07.09.2021жылғы 04-04-03 №2147 санды хаты негізінде №21 жалпы орта білім беретін мектептің 8-11 сынып ұл балаларымен Жылыой ауданы білім бөлімінің бас маманы Т.С.Лесова және Жылыой ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция полковнигi Н.М.Демегеновтің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында мектеп жасындағы балалардың қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтың және жасөспірімдер арасында келеңсіз төбелес оқиғаларының алдын алу бағытындағы түсінік жұмыстары жүргізілді.












