1 қыркүйек күні "N21 жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Әнұран шырқалып, көк ту көкте желбіреген салтанатты жиынға ұстаздар қауымы, оқушылар және ата-аналар қатысты. Алғашқы болып сөз алған мектеп директорының міндетін атқарушы Иманалина Райса Бақтығалиқызы салтанатты жиында жаңа оқу жылымен құттықтап, өткен оқу жылындағы мектеп көрсеткіштеріне және биылғы оқу жылында болатын өзгерістерге тоқталды. Бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сəттілік тіледі. 2021-2022 оқу жылында білім ордасы жаңа оқу жылын 43 сынып комплектісі 1126 оқушымен бастады. Оның ішінде 1 сыныпқа 7 сынып комплектісіне 161 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр.
Жиында 1-сынып оқушыларына «Әліппе» салтанатты түрде табысталып, "Ұстазым", "Батырлар ұраны" əндері шырқалды. Алғашқы қоңырау соғу құрметі кішкентай балдырғандар 1-сынып оқушылары Жолдыбай Нұрали мен Сексенбай Сабинаға жəне 11-сынып түлектері Досболай Махамбет пен Нұрболқызы Данаға берілді. Жиынның ең толқулы ғажайып сәті де осы болды. Күміс қоңырау - оқушылық өмірдің белгісіндей жаңғырмақ.
View the embedded image gallery online at:
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/zhanaly-tar/256-kel-balalar-o-yly.html#sigFreeIda4644c4797
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/zhanaly-tar/256-kel-balalar-o-yly.html#sigFreeIda4644c4797












