№21 жалпы орта білім беретін мектепте 2021 жылдың маусым айының 14 күні "Сәт сапар, жас түлек!" атты жалпы орта мектепті бітіруші түлектеріне аттестат тапсыру салтанатты жиыны санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, ара қашықтықты сақтай отырып мектептің акт залында өткізілді. Салтанатты жиында мектеп директоры Умирзакова Кулара Серікқызына құттықтау сөз кезегі беріліп, оқу ісі орынбасары Иманалина Райса Бақтығалиқызы оқушылардың аттесататтарын табыстау рəсімімен жалғастырды. Биылғы оқу жылында Геннадиев Махамбет мектепті "Үздік" аттестатпен бітірді. Ерекше жағдайда өткен қоштасу болса да, қолдарына аттестат алып, ақ тілектерге бөленіп, түлектеріміз алтын ұя мектептерімен қоштасты.
Биылғы жылды ойдағыдай аяқтаған түлектерімізге, сәттілік тілеп, сыннан сүрінбей, қалаған жоғары оқу орнына түсулеріне тілектеспіз! Сәт сапар саған, Жас түлек!!!