"21 жалпы орта білім мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Халықаралық əкелер күніне орай отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін түсіндіре отырып, әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ата-аналар мен оқушылардың арасында тығыз байланыс қалыптастыру, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, сана-сезімін дамыту мақсатында 17 маусым күні "Əке-отбасы діңгегі" тақырыбында жас əкелермен кездесу сағаты өткізілді.Кездесу барысында "Балдәурен" жазғы демалыс лагерінің демалушылары өз өнерлерін көрсетіп, туыстық атаулар ойыны ойнатылды. Сонымен қатар оқушылар "Менің əкем ең жақсы адам" тақырыбында шығарма жазды.
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/zhanaly-tar/248-ke-otbasy-di-gegi-ta-yrybynda-zhas-kelermen-kezdesu-sa-aty-tkizildi.html#sigFreeId062bdae76a












