Құлсары қаласы, Жылыой ауданы, "№ 21 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де
Жылыой ауданы Білім бөлімнің 2021 жылғы 25 мамырдағы 04-04-03 №1476 хатын басшылыққа ала отырып, білікті басшымыз Кулара Серікқызы басқарып отырған бұл мектепте 1-12 маусым аралығында көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүйелі түрде өткізілді.
Дәстүр-салтымызда баланы анасының бойына біткеннен бастап-ақ тәрбиелей бастайды.Жас баланы әлпештеп өсіру, оң мен солын танытып, дұрыс тәрбие беру барша адамзаттың саналы мақсаты екені анық болса да, соңғы уақыттарда бүкіл әлем елдерінде бала құқығы тапталып жатқаны жасырын емес.
Осыған орай, 2002 жылы Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) жұртшылықтың хабардарлығын көтеру және бала еңбегі мәселелерін шешуге ықпал ету мақсатында 12 маусымды Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес күні деп жариялаған болатын.
Елімізде де бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқан жариялаған болатын.