«№21 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залында негізгі орта мектепті бітіруші  9-сынып оқушыларына барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, адамгершілік құндылықтары берік негізі бар нәтижеге бағдарланған жан-жақты тұлға қалыптасуына бағыт-бағдар беру, туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Негізгі орта білім беру туралы» аттестаттарды табыстау үшін «Сәт сапар, жас түлек!» атты тақырыптағы салтанатты жиыны өткізілді. 2020-2021 оқу жылында 9- сыныпты  77 білім алушы, 7 оқушы үздік куәлікпен аяқтады.

Негізгі орта мектепті бітіруші түлектерімізді мектеп директоры Умирзакова Кулара Серікқызы, оқу ісі жөніндегі орынбасары Иманалина Райса Бақтығалиқызы, ата-ана Жанаева Сандуғаш және сынып жетекшілері құттықтап, ақ жол тілеп, қоғамның саналы азаматы мен азаматшалары болуларына тілектестігін білдірді.