«№21 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату мақсатында «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» атты тақырыпта тәрбиелік шара өткізілді. Шарада мектеп директоры Умирзакова Кулара Серікқызы оқушыларға мемлекеттік рәміздердің елімізді дүниежүзіне таныта білгендігін және оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін айтып, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар шарада оқушылар көркем сөз оқып, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті.