Жылыой ауданы білім бөлімі басшысы
А.М.Қақпанбаеваға
21 жалпы орта білім беретін мектепте
өткізілген «Туым-намыс, ұраным-бірлік,
рәміздер мақтанышым» тақырыбында
өткізілген танымдық сабақ
Хабарламасы
Аудандық білім бөлімінің 2021 жылға арналған «Ұлтқа мұра-ұрпаққа рух!» жобасының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың наурыз айының 26-сы күні №21 жалпы орта білім беретін мектептің ұйымдастыруымен аудан мектептерінің тәрбие ісі орынбасарлары мен оқушыларының қатысуымен «Туым-намыс, ұраным-бірлік, рәміздер мақтанышым» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Мемлекеттік рәміздер- Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды Танымдық сабағымыздың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін. Тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Еліміздің егеиендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Гимнімізді бойындағы бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болуға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы кеңінен түсінік алып,Тәуелсіз елдің ұлттық нышандары рәміздердің символикалық белгілерін тарихы жайлы мағлұматтар берілді. Оқушылар Мемлекеттік рәміздер туралы өлең жолдарын оқып, ән орындап, күйлер шырқап, өз көзқарастарын білдірді. Оқушыларымыз Мемлекеттік рәміздер ел тарихының, азаматтарының сана- сезімінің көрінісі болып табылады деген ойға келді. Мектебімізде мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұрғанын қалайтындықдарын айтты.
View the embedded image gallery online at:
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/zhanaly-tar/222-lt-a-m-ra-rpa-a-rukh.html#sigFreeIdd18418f189
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/zhanaly-tar/222-lt-a-m-ra-rpa-a-rukh.html#sigFreeIdd18418f189












