«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»- атты оңкүндік аясында жоспар бойынша, ең алдымен оқушылар жиынында апталық жоспарын өзін–өзі тану пән мұғалімі Мұратбаева Мәдина таныстырып,
Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу деп түсінік беріп, ашылуы салтанатты түрде өтті. Бұл күні оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп үзіндісін оқыды.Пән мұғалімі Мұратбаева Мәдина Сара Алпысқызының өмірбаянынан қысқаша мәлімет берді. 10 «А» сынып оқушылары Адамгершілік туралы тәрбиелік көрініс көрсетіп 9 «А» сынып оқушысы Сариман Перизат Құндылықтар туралы түсінік айтты. 6 «В» сынып оқушысы Қадыр Қарақат «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін мәнерлеп оқыды. Және 6 «В» сынып оқушылары Құндылық туралы тәрбиелік көрініс көрсетіп, бұл көрініс оқушыларымызға жақсы әсер етті.
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/zhanaly-tar/209-khabarlama-21-zhalpy-orta-bilim-beretin-mektep-kommunaldy-memlekettik-mekemesi.html#sigFreeId84216f1875












