№21 жалпы орта білім беретін мектепте 4 сәуір күні 6-сынып оқушыларының қатысуымен “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Қазақстан экологиясын жақсартуға мен қандай үлес қосамын?” тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқауға барлығы 13 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 6 “Б” сынып оқушысы Сырымбай Нұршат-І орын, 6 “Ә” сынып оқушысы Асқар Ақгүл, 6 “Б” сынып оқушысы Ерсұлтанқызы Жанерке-ІІ орын, 6 “А” сынып оқушысы Жұмабаева Аминат, 6 “Б” сынып оқушысы Нұроллақызы Нұрсезім, 6 “А” сынып оқушысы Сағызбай Ақтілек-ІІІ орын иеленіп, дипломдармен марапатталды.
https://21-zhylyoi.testim.kz/kz/taza-aza-stan/528-taza-aza-stan.html#sigFreeIde4eed7a26d












